Қазақстан ОПЕК + келісімі шеңберіндегі өз міндеттемелерін толығымен орындайды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан ОПЕК + келісімі шеңберіндегі өз міндеттемелерін толығымен орындайды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 7 желтоқсанында ОПЕК+  бесінші отырысы болып өтті, нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап алты айға ОПЕК + елдеріндегі мұнай өндіру көлемін шектеу бойынша шешім қабылданды.

Қазақстан ең басынан аталған шешімге қосылуға дайын екендігін және мұнай өндіру көлемін 40 мың.барр/тәул. қысқарту бойынша міндеттемелерге қол жеткізу үшін барлық тиісті шараларды қолданатындығын жариялады.

Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында мұнайға әлемдік баға төмендегені белгілі, бағаны белгілеуге геосаяси факторлардан басқа, жалпы алғанда мұнай және мұнай өнімдерін пайдалану белсенділігінің төмендеуіне әкелетін әлемдік экономикада артып келе жатқан белгісіздік әсер етеді.

Осыған байланысты әлемдік мұнай нарығындағы балансты сақтап тұру үшін ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін 1,2 млн.барр./тәул. азайту бойынша келісілген шешімге келді (ОПЕК+елдері үшін 800 мың.барр/тәул., 400 мың.барр/тәул. ОПЕКке мүше емес елдер үшін).

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика