Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз хабарламасы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз хабарламасы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз хабарламасы

         2018 жылғы 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

         Келісімнің күшіне енуі Бірыңғай кеден аумағы бар Арменияға, Беларусьқа, Қырғызстан мен Ресейге қатысты озон қабатын бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді толық есепке алуды енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені Қазақстанның экологиялық заңнамасында осындай заттардың ЕАЭО мүше мемлекеттерімен орын ауыстыруын реттеу көзделмеген.

         Бұдан басқа, құжат құрамында озон бар заттар мен олардың өнімдері бар ЕАЭО шегінде орнын ауыстыру бойынша талаптардың орындалуын және озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстанның міндеттемелерін толық көлемде сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

         Сонымен қатар, 2016 жылғы тамызда Сочиде қол қойылған келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау көзделеді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика