2018 жылғы жол битумын өндіру бойынша баспасөз хабарламасы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2018 жылғы жол битумын өндіру бойынша баспасөз хабарламасы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы жол битумын өндіру бойынша баспасөз хабарламасы

 «Нұрлы-жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасының тиімді көліктік-логистикалық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі өз тарапынан ұсынылған қажеттілікке сәйкес мұнай жол битумын өндіру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Бүгінгі күнде Қазақстанда жол битумын өндіретін 4 (төрт) зауыт («CaspiBitum» БК» ЖШС, «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» ЖШС, «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС және «Асфальтобетон 1» ЖШС) жұмыс істеп тұр, олардың ең жоғары қуаты жылына 1,2 млн. тоннаны құрайды.

Анықтама:

Жылдар бөлінісінде өндірілген битумның көлемі:

2013 жыл – 218,5 мың тонна (шамамен 200 мың тонна импорт); 2014 жыл – 452 мың тонна; 2015 жыл – 454 мың тонна; 2016 жыл – 486 мың тонна, 2017 жыл – 731 мың тонна.

2018 жылы автокөлік саласының жол битумына деген қажеттілігі  751 мың тонна көлемінде анықталған болатын. Ағымдағы жылғы  27 желтоқсандағы жағдай бойынша отандық зауыттар 823 мың тонна битум өндірді (2017 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112 % және 2018 жылға арналған жоспармен салыстырғанда 109%).

Осылайша, 2014 жылдан бастап ішкі нарық отандық жол битумымен  толығымен қамтамасыз етіліп отыр.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала ақпаратына сәйкес 2019 жылы автокөлік саласының жол битумына деген қажеттілігі 790 мың тоннаны құрайтын болады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика