Өнеркәсіп өкілдерінің ЛШТТ туралы пікірі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Өнеркәсіп өкілдерінің ЛШТТ туралы пікірі

2018 жылдың қарашасында Павлодар және Ақтөбе қалаларында ластауыш заттар бойынша есептілік тұрғысынан мүдделі тараптардың әлеуетін арттыру, Қазақстандағы ЛШТТ енгізу, сондай-ақ шығарындылар туралы онлайн есеп беру порталын пилоттық тестілеу бойынша екі күндік семинарлар өткізілді. Семинарлардың тақырыбы келесідей: «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркеліміне қосу».

Семинарлардың тиімділігі мен тәжірибесін арттыру үшін екі қалада өткен семинарлардың соңында негізінен салалық өкілдері болып табылатын қатысушылардан сауалдар алынды. Қазақстан өнеркәсібі энергетика, химия, мұнай, газ өңдеу, металлургия және басқа салалардан құрылған.

Барлығы 51 қатысушының жауабы жиналды. Семинардың қаншалықты маңызды екендігі туралы бірінші сұраққа екі қаланың да қатысушыларының 70%-дан астамы ЛШТТ – ел үшін басым мәселелердің бірі болып табылатынын айтты. Респонденттердің қалған бөлігі бұл да басқа экологиялық мәселелер сияқты маңызды екендігін атап өтті. Сауал алынғандардың ЛШТТ туралы білімдерін бағалау туралы сұраққа жауаптары, көптеген қатысушылар тек ЛШТТ туралы естігендіктері және олар үшін бұл білім жаңа болғандығын көрсетті. Павлодарда сауал алынғандардың 25%-ға жуығының семинарға дейін ЛШТТ туралы білімі болды және тек 4%-ының семинарға дейін ЛШТТ саласындағы жақсы білімі болды.

Сондай-ақ семинарда ЛШТТ саласындағы сарапшылармен әдістемелерді әзірлеу, сынап, ауыр металдар мен жойылуы қиын органикалық ластауыштардың (бұдан әрі – ЖҚОЛ) эмиссияларын бағалау бойынша әдістемесін ұсынды. Осыған байланысты, сауалнама нысанының үшінші сұрағы қатысушылардың семинарға дейін Қазақстандағы ЖҚОЛ эмиссияларын бағалау туралы өздерінің білімін қалай бағалайтындығына тоқталды. Қатысушылардың 70%-дан астамы семинарға дейін осы саладағы білімінің аз екендігін және бұл тақырыпты түсінбегендігін, ал қалған респонденттер бұл туралы бұрын білетіндіктерін атап өтті. Респонденттердің тек 3%-ы семинар алдында ЖҚОЛ эмиссияларын бағалау мәселесінде жақсы хабардар екендіктерін көрсетті.

Семинардың тиімділігі, іс-шараның өткізілу сапасы, семинар бағдарламасының қатысушылардың үміттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін және дәріскерлердің баяндамаларының қаншалықты ақпараттылығы, қолжетімділігі және мазмұндылығы туралы басқа сұрақтарға жауаптарда барлық қатысушылар оң жауап берді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар үшін семинарларды өткізу тиімділігі Қазақстандағы ЛШТТ туралы хабардарлық деңгейінің төмендігіне қатысты жауаптармен расталған. Нақты олар елдің негізгі ластаушысы болып табылады, сондықтан да ЛШТТ мәселелерге қатысты олардың әлеуетін арттыру өте маңызды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика