2019 жылғы 24 қаңтарда “Қазақстандағы тұрақты қалалық инфрақұрылым: жасыл құрылыс көрсеткіштері” тақырыбында дөңгелек үстел өтті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2019 жылғы 24 қаңтарда “Қазақстандағы тұрақты қалалық инфрақұрылым: жасыл құрылыс көрсеткіштері” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Дөңгелек үстелдің мақсаты “жасыл” технологияларды қолдану арқылы “жасыл” құрылыс әдістерін интеграциялау бойынша ұлттық серіктестердің мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) және Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (UN ESCAP) ынтымақтастығы шеңберінде қалалық аудандардың проблемаларын шешуге және Қазақстандағы тез урбанизация мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Қазақстан шикі мұнай экспорты бойынша 12-ші орында және көмірді тұтыну бойынша әлемде 15-ші орында тұр. Қазбалы энергияны тұтыну энергияның жалпы тұтынуының 76% құрайды. Қазба отынына энергетикалық тәуелділікке байланысты еліміз қала аудандарында энергия өндіру мен тұтынудың ұлғаю проблемаларымен бетпе-бет келеді, бұл ел экономикасының елу пайыздан астамын құрайды.

“Қазақстандағы ғимараттардың энергия және су тиімділігі әлеуетін пайдалану энергияны үнемдеуге, ауа сапасын жақсартуға және су ресурстарын сақтауға әкелуі мүмкін. Субсидиялар мен ынталандыруларды қоса алғанда, тиісті рейтингтік, сертификаттық және саяси құралдары бар жасыл құрылыс жүйесі отын тұтынуды және парниктік газдар шығарындыларының үрдістерін тоқтатуы мүмкін” – деп атап өтті IGTIC басшысы Рәпіл Жошыбаев.

Дөңгелек үстел барысында БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты даму мақсатын енгізу бойынша жұмысты қалай қолдайтынын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрақты қалаларын дамыту бойынша нәтижелермен және сараптамалық зерттеулермен бөлісті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жасыл ғимараттарда жасыл технологияларды қолдану және нарықтың тұрақтылығы мен кеңеюі тұрғысынан экологиялық құрылысты сертификаттауды (OMIR) енгізу бойынша ұсыныстар ұсынды.

Сарапшылардың айтуынша, жаһандық деңгейде ғимараттар барлық энергияның 40 пайызын және тұщы судың 12 пайызын тұтынады. БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне сәйкес жасыл өсу дамушы елдер үшін үлкен мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, өйткені экономикалық жүйенің өзгеруі оларға дамудың жаңа сатысына қадам жасауға мүмкіндік береді, олар индустриялық елдермен тең деңгейде бәсекелесе алады.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Қазақстан Нью-Йорк қаласында (АҚШ) БҰҰ жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша ерікті ұлттық шолу ұсынады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика