«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Дереккөз: energo.gov.kz

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 және «Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

Жобада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ Қазақстан Қеспубликасының Кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары және Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.

Жоба қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес  келтіру талап етілмейді.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.energo.gov.kz интернет-ресурсында (сілтеме: http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=23847) және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (сілтеме: http://egov.kz. Ашық үкімет ® Ашық НҚА ®Орталық мемлекеттік органдар ® ҚР Энергетика министрлігі) орналастырылды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика