Ластауыш заттар эмиссияларын бағалау бойынша әдістеме | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ластауыш заттар эмиссияларын бағалау бойынша әдістеме

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу шеңберінде жойылуы қиын органикалық ластауыштар мен ауыр металдар сияқты ластауыштардың эмиссияларын бағалау бойынша әдістемелер әзірленді. Аталған әдістемелер Қазақстан өнеркәсібі өкілдерімен ұсынылған және талқыланған болатын. Полихлорлы дибензо-п-диоксиндер ((ПХДД) мен полихлорлы дибензофурандар ПХДФ) – ПХДД/ПХДФ жойылуы қиын органикалық ластауыштардың эмиссияларын бағалау бойынша әдістеме – ластанудың басым көздерін сәйкестендіруге, қажетті шараларды айқындауға және барлық кездейсоқ қалыптасқан жойылуы қиын органикалық ластауыштардың шығарындыларын азайту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Әзірленген әдістемеге сәйкес көздерден немесе көз санатынан тасымалданып, ортаға келіп түсетін (ауа, су, топырақ, өнімдер мен қалдықтар) диоксиндер мен фурандардың жылдық эмиссиялары, эмиссия факторы мен кәсіпорынның өнімділігін пайдалануы арқылы формула бойынша есептеледі. Аталған жағдайда эмиссия факторы қазірдің өзінде кездейсоқ түзілген ЖҚОЛ шығарындылары көздерінің әр санаты мен кіші санатына есептелген және әдістемеге қоса тіркелген кестеде келтірілген. Эмиссияны есептеудің осы кезеңіндегі бастысы эмиссия факторын дұрыс анықтау және ластанудың барлық көздерін есепке алу болып табылады.

Кәсіпорынның өнімділігі ретінде өндіру көлемі бойынша деректер (мысалы, кәріздік құбырына ағызылған тонналар, өндіріс өнімінің тонналары, жағылған отынның және т.б. тонналары) пайдаланылады.

Осылайша өнәркәсіптік кәсіпорындар үшін ПХДД/ПХДФ жылдық эмиссиялары КТ ЖҚОЛ барлық эмиссия көздерінің қарқынды жиынтығы ретінде анықталады.

Бүгінгі таңда әдістемелер оқыту семинарларында талқылау барысында алынған пікірлер бойынша пысықталу деңгейінде. Оларды жақын арада бекіту және Қазақстанда ЛШТТ жүзеге асыру шеңберінде енгізу жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика