Қазақстан Республикасында Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) ендіру мәселелері бойынша семинарлар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан Республикасында Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) ендіру мәселелері бойынша семинарлар

Қазақстанда ЛШТТ ендіру туралы мүдделі тараптардың әлеуетін және жұртшылықтың хабардар болуын арттыру мақсатында жоба командасымен бірқатар семинарлар өткізілді.

Жоба шеңберінде 2017 жылдың 28 маусымында Астана қ. «Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы хаттаманың жүзеге асырылуы: ағымдағы жағдай және жүзеге асыруға арналған тиісті шаралар» атты семинар болып өтті.

Семинарда ЛШТТ туралы хаттаманың талаптарына шолу, сонымен қатар Қазақстанда ЛШТТ ендіру бойынша ағымдағы жағдай ұсынылды. Қатысушылар Қазақстанда ЛШТТ ендіру бойынша болашақтағы шараларды анықтады, сонымен қатар осы мәселе бойынша мақсатты топтарды оқыту қажеттілігін бағалады. Семинар шеңберінде Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясы және ЛШТТ бойынша жұмыс жиналысы болып өтті.

2017 жылдың 13 қыркүйегінде Алматы қ. Қазақстанда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) ендіру мәселесі бойынша тренерлерге арналған тренинг болып өтті. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 10 маусымдағы №241 бұйрығына сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік ЛШТТ-ға қосылған ластауыш заттарының тізімін талқылады. Сондай-ақ қатысушылар ЛШТТ бойынша Ұлттық ұсыныс жобасын қарастырды. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар жоба барысында жүзеге асырылатын бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірледі.

2017 жылдың қазан айында Қазақстанның үш қаласы Ақтөбе, Астана және Павлодар қалаларында «Халықаралық тәжірибе және ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүзеге асырудың қазақстандық тәжірибесі» тақырыбында бірқатар семинарлар болып өтті. Семинарлар шеңберінде келесі мәселелер қарастырылды:  ЛШТТ хаттамасы, оның негізгі қағидалары және іске асырудағы халықаралық тәжірибе, Қазақстанда ЛШТТ ендіру бойынша шолу, атмосфералық ауаға, ағынды суларға, топыраққа шығарылатын ластауыш заттар шығарындылары мен тасымалдарын бағалау бойынша (өндіріс және тұтыну қалдықтарынан) ағымдағы жағдай. Семинарлар ЛШТТ мәселелері бойынша мамандардың әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және Қазақстанда ЛШТТ ендірудің әдістемелік қамтуды әзірлеу бойынша ең лайықты ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік берді.

2018 жылдың сәуірінен бастап қарашасы аралығында Астана, Ақтөбе, және Павлодар қалаларында «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне қосу» тақырыбындағы бірқатар семинарлар болып өтті. Семинардың негізгі мақсаты ЛШТТ мәселелері бойынша мамандардың әлеуетін арттыру және Қазақстанда ЛШТТ ендірудің әдістемелік қамтуды әзірлеу бойынша ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады.

Өткізілген семинарларға мемлекеттік органдар, ассоциациялар, өнеркәсіптік компаниялар, аймақтық Орхус орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, ЖОО және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика