АЭБУ студенттері үшін Қазақстанда ЛШТТ жүйесін ендіру мәселелеріне қатысты дәріс | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

АЭБУ студенттері үшін Қазақстанда ЛШТТ жүйесін ендіру мәселелеріне қатысты дәріс

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі халықаралық тәжірибеде адамдарға қоршаған ортаны қорғау туралы нақты және сенімді ақпарат берудің тиімді құралы ретінде қарастырылады.

Ластауыш заттардың мөлшері мен олардың қауіптілік деңгейі туралы ақпарат үкіметке, өнеркәсіптік секторға және азаматтық қоғамға тиесілі маңызды ақпарат болып табылады. Негізгі ластауыш заттар туралы сапалы деректерді жинау және олардың мониторингі қоршаған ортаның сапасын бағалаудың тиімді құралы болып табылады және алынған деректер негізінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеу болып табылады.

ЛШТТ тиімді ендіру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізумен қоса сарапшылар мен мамандармен көлемді жұмыстар жүзеге асырылады. Сондай-ақ оқу модульдері және ЛШТТ бойынша оқу бағдарламасы, жойылуы қиын органикалық ластауыштар мен ауыр металдар эмиссияларын бағалау әдістемелері әзірленді. Сонымен қатар негізгі және басым секторлар үшін бағалау әдістері бойынша Ұлттық нұсқаулықтар әзірленді.

Әрине, жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттер өте маңызды, бірақ халықтың ЛШТТ сияқты маңызды құралды ендіру туралы хабардар болуына ерекше назар аудару керек. Осыған байланысты, мамандармен екі жыл бойына халықты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі және оған деген қызығушылығы туралы хабардар ету деңгейін арттыру бойынша белсенді ақпараттық кампания жүргізілді. Осылайша, тұрақты түрде әлеуметтік желілерде және Қазақстандағы ЛШТТ сайтында жаңалықтар және өзекті ақпарат жарияланады, Қазақстанның жетекші журналдары мен газеттерінде баспасөз ақпараттары мен мақалалар әзірленуде. Бұдан басқа, мамандармен жоғары оқу орындарында студенттердің назарын еліміздің экологиялық проблемаларына аударатын дәрістер оқылады. Дәрістерде ЛШТТ қатысты құқық негіздері қамтылады, ЛШТТ деген не және онымен қалай жұмыс істеу керек екендігі және т.б. түсіндіріледі.

2019 жылдың наурыз айының ортасында Алматы қ. Байтұрсынұлы126/1 көшесіндегі мекенжайдағы Алматы энергетика және байланыс университетінде дәріс өткізу жоспарланған. Спикер ретінде ЛШТТ және қоршаған ортаның эмиссиясын бағалау бойынша әдістемелерді әзірлеу бойынша сарапшы Анисимова Наталья Михайловна баяндама жасайды.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 727 255 85 75.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика