ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев ведомство ұжымына ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау комитетінің төрағасын таныстырды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев ведомство ұжымына ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау комитетінің төрағасын таныстырды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Серік Жүсіпұлы Сүлейменов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1990 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “Математик” мамандығы бойынша үздік бітірді, 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “Құқықтану”мамандығы бойынша сырттай бітірді.

Еңбек жолын 1992 жылы “Казкоммерцбанк” АҚ-да бастады, заң қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.

1997-2003 жылдары “Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ Бас директоры, “Темірбанк”АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2003 жылдан 2013 жылға дейін энергетика саласында жұмыс істеді, “Қазақстандық Коммуналдық жүйелер” АҚ президенті, “Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы” АҚ Басқарма төрағасы, “Қызылорда электртораптық бөлу компаниясы”АҚ Басқарма төрағасы лауазымында жұмыс істеді.

 

 

 

 Мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы лауазымында жұмыс істеген.2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

“Құрмет” орденімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының медальдарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №191-ж бұйрығымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика