ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы сәуірдің 10-нан бастап 12-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Нұр-Сұлтан қаласында «Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы сәуірдің 10-нан бастап 12-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Нұр-Сұлтан қаласында «Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Техбұлақ» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Human Health Institute» ҚБ, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті – Мемлекеттік емес мекемесі, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, С.Сейфуллин атындағы университеті» АҚ, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.», «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.

Семинарларда келесі мәселелер қарастырылды:

  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • Қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану;
  • Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі;
  • Парниктің газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік реттеу;
  • Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негіздемелік конвенциясы, Киото хаттамасы және Париж келісімі:
  • ҚР газдар шығарындылары мен сіңірулеріне квота саудасының жүйесі:
  • Парниктік газдарды реттеу және қосымша квота беру саласындағы есеп беру.

Дәріс оқығандар:

Бөкенова Саида Бекболатқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Сәдуақасова Әлия Малайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;

Досанова Ақмарал Наурызбайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Табиғи ресурстар кадастры басқармасының басшысы;

Тоқтасынова Тоты Қылышбекқызы – тәуелсіз сарапшы;

Латыпов Арсен Хасенұлы – ҚР ЭМ Бас сарапшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимқызы – ҚР ЭМ “ҚОҚ АТО” ШЖҚ РМК МЭАҚ департаментінің директоры.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика