Оралда «Экосақшы» қоғамдық бақылау акциясы басталды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Оралда «Экосақшы» қоғамдық бақылау акциясы басталды

Дереккөз: www.24.kz

Орал қаласында «Экосақшы» қоғамдық бақылау акциясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы тазалықтың сақталуына енді ерікті жастар да атсалыспақ. Қазір бірнеше топқа бөлінген еріктілер қаланың әр бөлігін бақылауға алды. Олар қоқысты тиісті орнына тастамаған тұрғындарды жасырын камераға түсіріп, әлеуметтік желілерге салмақ ниетте. «Мақсат – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоқысты кез келген жерге тастауға болмайтынын ескерту», – дейді тазалық сақшылары.

Назерке Құрамысова, «Орал жастары» еріктілер қозғалысының мүшесі:

– Акцияның нәтижесінде кейбір қала тұрғындары қоқыс, тұрмыстық қаладықтарды немесе құрылыс материалдарының қалдықтарын қоқыс жәшігіне емес, оның жанына тастап кететіндігі анықталды. Мұндай жағдайларға қала тұрғындарын бей-жай қарамай бірге атсалысып, қала тазалығы үшін бірге күресуге шақырамыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика