Елордада 8,6 миллион гүл егіледі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Елордада 8,6 миллион гүл егіледі

Дереккөз: www.astana.gov.kz

Елордада гүл егу жұмыстары басталды. Қаланың барлық аудандары көгалдандыру жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Аудан әкімдері мердігерлерді анықтау бойынша жұмысты күшейтуі керек. Сондай-ақ, қала аудандарының 30 мамырға дейін гүл егу жұмыстарын аяқтап, барлық қажетті шараларды қабылдауы керектігін атап өткім келеді», – деді әкімдіктегі кезекті отырыста Арман Тұрлыбек.

Қала әкімі орынбасарының атап өтуінше биыл гүлдердің рекордтық саны егіледі деп  жоспарлануда. Оның мәліметіне қарағанда, олардың саны 8,6 миллионды құрайды.

Жоспарға сәйкес көктемгі кезеңде қалада 14 мың ағашты отырғызылмақ. Мәселен, өткен жылы көктемде 13234 тал егілді. Бүгінге дейін елорданың барлық аудандары 6 688 ағашты (47%), сондай-ақ бұталы қоршаудың 1 450 погонды метрін екті.

Сонымен қатар, аудан басшыларына шөп шабу жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

«Ауа-райына байланысты шөптің қарқынды өсуі байқалады. Осыған байланысты барлық саябақтарда, гүл бақтарында, жол жиегіндегі учаскелерде және гүлзарларда алғашқы шөп шабу шаралары 10 күн ішінде аяқталуы керек», – деді А. Тұрлыбек.

Мұнымен қоса, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов жиналғандардың назарын үйлердің маңындағы гүлзарлардың жағдайына аударды.

«Алайда, алаңдататын тағы бір сұрақ бар. Бұл үйлердің арасындағы газондар. Қазiргi уақытта бұлардың басым көпшілігіне ешкім карамайды. Шаң мен қоқыс жиналатын орынға айналған.

Мұны ойластыру қажет, жобалау кезінде бетон немесе брусчатка төсеудi қарастыру қажет»,– деп түйіндеді ол.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика