Елімізде обыр дертіне қарсы емдік қасиеті бар қызанақ өсіріледі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Елімізде обыр дертіне қарсы емдік қасиеті бар қызанақ өсіріледі

Дереккөз: www.24.kz

Маңғыстау облысында обыр ауруына қарсы тұратын көкөніс өсірілмек. Емдік қасиеті бар қызанақ өсіруді Оңтүстік Корея инвесторлары жүзеге асырмақшы.

Сондай-ақ келесі айда түркиялық компания Ақтау жағалауында жаңа демалыс орнының құрылысын бастайды. Мұның бәрі Астана халықаралық қаржы форумында қол жеткізген келісімнің жемісі. Маңғыстау облысы аталған халықаралық шара аясында шетелдік инвесторлармен құны 2 миллиард 200 миллион доллар тұратын меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес, өңірде пластик өндіруге қажетті шикізат дайындайтын ірі зауыт салынбақ. 1 миллиард 800 доллар тұратын жобаны Сингапур инвесторлары жүзеге асырады. Ал Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны Оңды ауылының іргесінен шойын өндіретін өндіріс ошағын салмақшы. Жалпы ауыл шаруашылығы, көлік логистикасы салаларында бірқатар жобалар іске асырылады. Қазір жергілікті билік аталған жобаларға қажетті инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық-сметалық құжатын дайындауға кірісіп кетті.

Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

– Бұл тек қана инвестиция тарту ғана емес, бұл жерде көптеген әлеуметтік мәселелер шешіледі. Кеше әкімнің оларға ұсынғаны, кадр мәселесін бізден дайындау керек деген талап қойды алдарына. Олар келісті. Сондықтан да біздің білім басқармасына қазір тапсырма берді. Қазір қандай кадрлар керек, қандай тапшы болады. Соларды өңірден дайындап бастаймыз. Бұл бір. Екіншіден, жұмыс көздері. Осы жобаларыдң барылғы бюізде 3-4 жылдың арасында 8 мың жұмыс орнын ашады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика