Қазақстанда киік санағы жүргізілді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстанда киік санағы жүргізілді

Дереккөз: ҚазАқпарат

19 сәуір 3 мамыр аралығында Қазақстанда киік санағы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қорына сілтеме жасап.

Әуеден жүргізілген санақ ҚР АШМ Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитеті тапсырысы бойынша Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қорының (ҚБСҚ) мамандарына жүктелді.

«Киік популяциясын есепке алған ҚБСҚ мамандары үш топқа бөлінді. Бірінші және екінші топ Үстірт және Жайық популяциясын, ал үшінші топ Бетпақдала киіктерін санады.

Санақ барасында қызықты сәттер аз болмады. Айталық ҚБСҚ мамандары бұған дейін 2015 жылдан бері байқалмаған жерлерден тобымен жүрген киіктерді көрді. Сондай-ақ есепке алу күндерінің бірінде киіктің әлемдегі популяциясының 50 пайызы болатындай бөкенге жолықты. Сол күні мамандарға оңай соқпады, өйткені қарасы мол киік жиі кездескен кезде оларды санау да қиын болады», делінген хабарламада.

Қордың хабарлауынша, киіктің нақты саны санақтың соңғы кезеңінде мәлім болады. Оның нәтижесі маусым айының басында жария етіледі.

Киікті санау жұмыстарына ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің және «Охотзоопром» ҚБ» РМҚК облыстық аумақтық инспекцияларының қызметкерлері атсалысты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысының  аумағында тікұшақ арқылы арқылы киіктер санағы қалай жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика