Маңғыстау облысында алғашқы жел электр станциясы іске қосылды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Маңғыстау облысында алғашқы жел электр станциясы іске қосылды

Дереккөз: www.24.kz

Қуаты 5 МВт-ты құрайтын кешен Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылын электр қуатымен қамтамасыз етпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар ауыл маңындағы жылыжай, мал шаруашылығы сынды өндіріс орындарына қажетті тоқты өндіреді. Осылайша электр энергиясы тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Станциядағы үш құрылғы да Германияда жасалған. Құны 800 миллион теңге болатын жобаны қазақстандық компания шетелдік инвесторлармен бірлесе жүзеге асырды. Құрылыс кезінде 20, ал іске қосылған соң 12 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. «Жыл бойы жел соғып тұратын аймақ үшін жел электр станцияларын салу тиімді», – дейді жоба авторлары.

Николай Ғабит, компания өкілі:

– Сіздерге келгенше жол тасымалдау бойынша шығын көп. Сол потерияны жабамыз. Келесі жылы кеңейтуге рұқсат алдық. Былтыр күн электр станциясын аштық. Биыл жел энергиясын ашып жатырмыз. Келесі жылдары тағы да жұмыстар болады. Бізде енді 15 мегаваттық жоспар бар.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика