2019 жылғы маусымның 12-нан бастап 14-не дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2019 жылғы маусымның 12-нан бастап 14-не дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

2019 жылдың 12-14 маусым аралығында ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Біліктілікті арттыру бойынша басқармасымен Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына семинар өткізілді.   

Семинар жұмысына «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Ақ жол кұрылыс» ЖШС, Атырау облысы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының «Атырау Су Арнасы» КМК, «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ өкілдері қатысты.   

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылған болатын: ҚР Экологиялық кодексі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, қалдықтарды өңдеуге арналған технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді экологиялық реттеу, мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі, мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарының ғарыштық мониторингі, экологиялық аудит және т.б. 

Семинар қатысушылары соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған ҚР Экологиялық кодексі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер енгізілен дискілермен қамтамасыз етілген болатын.   

Семинар куәліктерді салтанатты түрде табыстаумен аяқталды.     

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика