2019 жылғы маусымның 26-нан бастап 28-не дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2019 жылғы маусымның 26-нан бастап 28-не дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

2019 жылдың 26-28 маусым аралығында ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Біліктілікті арттыру бойынша басқармасымен Ақтөбе қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына семинар өткізілді.   

Семинар жұмысына «КазЭкоБиоСистема» ЖШС, «ЭКО Пром KZ» ЖШС, «NEO PLUS» ЖШС, «Ақжар-хром» ЖШС, «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «GREENJAIK» ЖҚ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК өкілдері қатысты.   

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды: мемлекеттік аналитикалық экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсынымдар, мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі, Қазақстан Республикасының орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясында көзделген міндеттері, қалдықтарды өңдеуге арналған технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді экологиялық реттеу және т.б.  

Семинар қатысушылары соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер енгізілен дискілермен қамтамасыз етілді.   

Семинар куәліктерді табыстаумен аяқталды.     

 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика