Қатонқарағай тауларындағы құну фототұзаққа түсіп қалды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қатонқарағай тауларындағы құну фототұзаққа түсіп қалды

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай тауларында сирек кездесетін жануар құну фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сирек суретті Фейсбуктегі парақшасында ҚР АШМ Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жариялады.

«Бұл Росомаха фильміндегі Хью Джекман емес. Бұл Қатондағы нағыз құну! Бұл Қатонқарағай мемлекеттік табиғи  паркінде фототұзақтың түсірген кадры!» – деді Сәкен Ділдахмет.

Айта кету керек, құну сусар текті жануарлардың бір түрі.

Қазақстанда Оңтүстік Алтай тауындағы самырсын, майқарағай, қайың өскен ну ормандар мен тау өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді. Құну терісі бағалы жыртқыш.

Ол әйелдердің қысқы киімінің жағасына, бас киім тігуге пайдаланылады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика