2019 жылғы қыркүйектің 9-нен бастап 11-на дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2019 жылғы қыркүйектің 9-нен бастап 11-на дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 9-10 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу» тақырыбында семинар өткізді.  

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:  

  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану. 
  • Экологиялық ақпарат беру. 
  • «Экологиялық рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы» композиттік қызметін іске асыру. 
  • Қазақстанда табиғатты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу. 
  • Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрының кіші жүйесін сүйемелдеу. 
  • ҚР Экологиялық кодексі. Қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеу. 
  • Табиғатты қорғауды нормалау және жобалау бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға лицензия алу тәртібі. 
  • Қазақстандағы экологиялық сараптаманың қазіргі жағдайы. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы шеңберінде экологиялық сараптаманы дамыту перспективасы. 
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар. 
  • Автоматтандырылған мониторинг жүйесі. 
  • Экологиялық аудит. 

Іс-шараға «ТузкольМунайГаз Оперейтинг» ЖШС, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы “Көкшетау жылу” ШЖҚ МКК, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ, «Инновациялық Еуразия университеті», Астана қаласындағы «Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы» мекеме филиалы, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ өкілдері қатысты. 

Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен танысты. 

Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.  

Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда. 

 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы  

біліктілікті арттыру басқармасы 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика