Мемлекет басшысы «Көкжайлау» жобасымен айналысуға тыйым салды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Мемлекет басшысы «Көкжайлау» жобасымен айналысуға тыйым салды

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкжайлау тау-шаңғы курортына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайтадан бұл мәселеге оралмас үшін, мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни, Көкжайлау тау-шаңғы курорты жобасымен айналысуға. Ол бізге керек емес», – деді Қасым Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы барлық кәсіби экологтар мен білікті қоғам өкілдері жобаға қарсы екенін атап өтті.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көкжайлау» курорттық жобасын жүзеге асыруды кейінге қалдыру туралы ұсыныс айтқан болатын.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика