Алматының ботаникалық бағы әкімдік қарамағына беріле ме – комитет жауабы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматының ботаникалық бағы әкімдік қарамағына беріле ме – комитет жауабы

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Бас ботаникалық бағы ҚР БҒМ қарамағынан алынып, өзге министрлікке беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.

«Алматы қаласының Бас ботаникалық бағы (Ботаника және фитоинтродукция институты) Қазақстан Республикасының айрықша қорғауындағы табиғи аумақ болып саналады. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ведомствалық бағынышты ұйымы болып саналады. Ботаникалық бақты Алматы әкімдігінің қарамағына өткізу мәселесі қойылған емес. Сәйкесінше, бұл жер айрықша қорғауындағы табиғи аумақ тізімінен алынбайды», – деп түсіндірді Сәкен Ділдахмет Facebook желісінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Үкімет Ботаникалық бақты ҚР Білім және ғылым министрлігі балансынан шығарып, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ауыстыру мәселесін қарастыруда.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика