Алматыда қисайған үйдің маңына терек отырғызылады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыда қисайған үйдің маңына терек отырғызылады

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Зерделі–6» шағын ауданындағы қисайған үйдің маңына терек отырғызылады. Бұл туралы Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Алатау, Саялы және Зерделі шағын аудандарында терек отырғызуды жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, мұндағы көпқабатты тұрғын үйлер жерасты суының көтерілуінен сәл ғана қисайып тұр. Ал терек – жер асты суын өзіне сіңіріп алатын ағаш, ол жер асты суын төменге түсіруге көмектеседі. Сонымен қатар, терек бәрінен бұрын көмірқышқыл газын сіңіреді және оттегін бөліп шығарады», – дейді Ержан Сейтенов.

«Қаланың ерекше мәртебесі туралы» Заңды түсіндіруге арналған баспасөз конференциясында ол алдағы үш жыл ішінде мегополисте 1 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Алатау ауданындағы «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Кейін Бақытжан Сағынтаев қисайған үйдің тұрғындарымен кездесіп, әкімдік оларды көшіруге дайын екенін жеткізді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика