Іле Алатауында Қызыл кітапқа енген жануарлар фототұзаққа түсіп қалды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Іле Алатауында Қызыл кітапқа енген жануарлар фототұзаққа түсіп қалды

Дереккөз – www.inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Іле Алатауы бөктерінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген жабайы жануарлар фототұзаққа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ақсай филиалында Қызыл кітапқа енген жануарларды зерттеу мақсатында жабайы жануарлардың мекендейтін жерлеріне фототұзақ орнатылған болатын.

Бір фототұзаққа жабайы жануарлар мен құстардың 10 түрі түскен.

Оның төртеуі – Қызыл кітапқа енгізілген қар барысы, Тяньшань қоңыр аюы, тас сусары және құмай құсы.

Бұлардан бөлек орнатылған аппаратты қасқыр, түлкі, қабан, борсық, қоян, құстардан гималай ұлары келіп бақылап көрген.

«Бұл факт ұлттық парк аумағында жануарларды қорғау және өсімін молайту жұмысы дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанын дәлелдейді», – деді Іле Алатауы ұлттық паркінен.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика