Тарбағатай ұлттық паркінде жануарлардың жаңа түрлері анықталды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Тарбағатай ұлттық паркінде жануарлардың жаңа түрлері анықталды

Дереккөз – www.inform.kz

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары ғылыми зерттеу жүргізу кезінде фотоқақпанның көмегімен жануарлардың жаңа түрлері – америкалық сарыкүзен мен қаракүзенді анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ҚР ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

Америкалық қаракүзен – аққұлақ пен күзен тұқымдастарының бір түрі. Күзендер мен аққістерден тараған дербес тұқымдас өкілі де болуы мүмкін. Оның дене бітімі орташа: аталықтарының салмағы 0,5 кг – 1,5 кг, аналықтары 0,4 кг – 0,8 кг, аталықтарының дене ұзындығы – 34-45 см, аналықтары – 31-37,5 см, аталықтарының құйрығы

15,6-24,7 см, аналықтарының құйрығы 14,8-21,5 см.

Бұл жануар қаракүзенге ұқсайды, денесі ұзын, аяқтары қысқа. Терісінің түсі қара қоңыр, астыңғы ерінінде, тамағы мен қарнында түрлі көлемдегі ақ түсті дақтар жиі кездеседі.

Таралу аймағы – Cолтүстік Америка. Еуразияға да бейімделген. Бұрынғы КСРО аумағына бейімделуі 1933 жылы басталды. Суы тұщы су қоймалары, көлдерді мекендейді. Полигам. Көбіне жалғыз тұрады. Су маңын мекендейтін жануарлар, соқыртышқан, бақа, шаян, ұсақ балық және су жәндіктерімен қоректенеді.

Сарыкүзен – аққұлақ пен күзен тұқымдастарының бір түрі. Кейде жапондық сарыкүзен басқа түр ретінде ерекшеленеді. Көлемі орташа: аталықтарының салмағы 0,65-0,82 кг, аналықтарының массасы 0,36-0,43 кг, аталықтарының дене ұзындығы 28-39 см, аналықтарының ұзындығы 25-30,5 см, аталықтарының құйрығы – 15,5-21 см, аналықтардікі – 13,3-16,4 см.

Жануар сусарға ұқсас, денесі ұзын, аяқтары қысқа. Терісі бір түсті, сары-жирен.

Оңтүстік-шығыс, Шығыс және Орталық Азияда тараған. ТМД-да Сібірдің Оңтүстік және орталық белдеуінде және елдің еуропалық бөлігінің қиыр шығысында мекендейді. Кариотипінде 38 хромосома бар.

Түрлі жерлерді мекендейді, әсіресе өзен және бұлақ алқаптарын ұнатады. Полигам. Көбіне жалғыз жүреді. Өзін жиі қуалайтын бұлғынмен араз. Орташа және ұсақ тышқан тәрізді кеміргіштер, ұсақ құстар, қарағай жаңғақтарымен қоректенеді.

Тарбағатай ұлттық паркі 2018 жылы құрылды. Ұлттық паркті омыртқалы жануарлардың 376 түрі, соның ішінде балықтың 19 түрі, қосмекенділердің екі түрі, бауырымен жорғалаушылардың 23 түрі, құстардың 272 түрі, сүтқоректі хайуандардың 60 түрі мекендейді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика