Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

Дереккөз – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 25 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 25 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында күтіледі.

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскеменде метеорологиялық ахуал қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика