Источник – www.gov.kz
Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен бейнеконференцбайланыс режимінде кездесу өткізді.
Министрліктер басшылары су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Жол картасының жобасын келісті. Бұл құжат трансшекаралық өзендердің су шаруашылығы мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін білдіреді. Тараптар Жол картасының іс-шараларын іске асыру үшін қажетті күш-жігер жұмсайтынын атап өтті.
Кездесу барысында, сондай-ақ халықаралық және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, Сардоба су қоймасына техникалық аудит жүргізу мәселесі талқыланды.
Басқа да мәселелермен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау туралы келісім жобасының әр тармағы жан-жақты талқыланды.