Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейтін құжатты бекітті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейтін құжатты бекітті

Дереккөз – www.zanmedia.kz

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстанмен су қатынастары саласындағы маңызды құжаттың бекітілгені туралы хабарлады.
“Ташкентке жұмыс сапары барысында бүгін Өзбекстан су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен екі ел арасындағы су саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Жол картасына қол қойдық”, – деп жазды М.Мырзағалиев бейсенбіде өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Оның айтуынша, қол қоюға “біздің ведомстволарымыздың ұзақ және үздіксіз келіссөздері себепші болған”.
“Құжат өте маңызды. Ол су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейді. Атап айтқанда, 1991 жылдан бері салынған және қайта жөнделген су нысандарын бірлескен техникалық зерттеу мен мониторингілеуді; жоғары су қоймаларынан қосымша су тасталуын қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдауды көздейді”, – деді министр.
“Жол картасындағы тағы бір маңызды тұс – су ресурстарын бөлудегі айқындық”, -дейді ол. Мырзағалиев өзбек тарапымен келіссөздер жалғасуда екенін, “күн тәртібінде тағы бірнеше стратегиялық мәселелер бар” екенін хабарлады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика