Таза Қазақстан: Бір аптада қауырт желіге қоқыс үйінділеріне қатысты 623 шағым түскен | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Таза Қазақстан: Бір аптада қауырт желіге қоқыс үйінділеріне қатысты 623 шағым түскен

Дереккөз – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология министрлігінің қауырт желісіне соңғы аптада стихиялық қоқыстарға 623 шағым келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Стихиялық қоқыс туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (90), Шығыс Қазақстан (62) және Қарағанды ​​облыстарынан (48), сондай-ақ Алматы қаласынан (47) келіп түсті. Ақмола (42) мен Ақтөбе облысы (30) азаматтардан түскен өтініш саны бойынша көшбасшылар «бестігіне» кірді.

623 шағымның 469-ы үйінділерге, 154-і қоқыс толып кеткен контейнерлерге қатысты.
«Бір апта ішінде әкімдікпен бірге 347 қоқыс үйіндісі жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жалпы Экология министрлігі тұрғындар тарапынан шағымдар арттты. Бұл азаматтық позицияның өскенін білдіреді. Оның үстіне, жедел желі жұмысының тиімділігі кейінгі екі аптада айқын байқалады. Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі. Мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл өндіріліп алынады», делінген хабарламада.
Еске салсақ, Экология министрлігінің қауырт желісінің нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Уатсап мессенджері арқылы кез келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы коқыс үйіндісі туралы ақпаратты, оны растайтын сурет пен видео жібере алады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика