Экология министрлігі өз жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Экология министрлігі өз жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді

Дереккөз – www.gov.kz

Бұл туралы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгүл Соловьева мәлімдеді. Ол өткен жылдың қарашасында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп құрылды. Айгүл Соловьева Экология министрлігінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбындағы отырысы шеңберінде сөз сөйледі.
“Бізде, мысалы, интерактивті карта және шағымдар келіп түсетін веб-сайт, өңірлік желілік құрылым, арнайы электрондық пошта, жеке чат бар. Біз сонымен бірге халықпен жұмыс істейміз, көптеген ашық алаңдарымыз бар. Мен бұл жұмысты адалдыққа, алдын алу шараларына баса назар аудара отырып, жалғастырғым келеді», – деді Соловьева ханым.
Оның айтуынша, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Павлодар қаласы Жоба кеңсесінің жұмысына белсенді қатысады. Өз кезегінде, Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жұртшылықпен ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы пікірмен келіседі. Экология министрлігі жақында Қазақстанның түрлі өңірінде, сондай-ақ онлайн режімде жұртшылықпен бірқатар кездесулер өткізді. Ол сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешудегі сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділіктің қажеттілігі туралы өзінің ұстанымын білдірді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика