ҚР ЭГТРМ «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК 2020 ЖЫЛДЫҢ 10-12 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫНДА РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ ОНЛАЙН-СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭГТРМ «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК 2020 ЖЫЛДЫҢ 10-12 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫНДА РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ ОНЛАЙН-СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ.

Оқыту онлайн-семинарының барысында келесі мәселелер қарастырылды:

Қолданыстағы және жаңа экологиялық кодекстегі қалдықтар туралы жалпы ережені салыстырмалы талдау

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері-ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары

Қалдықтардың жекелеген түрлерін, оның ішінде құрамында оол бар және озонды бұзатын қалдықтарды басқару

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрының кіші жүйесін сүйемелдеу

Мемлекеттік экологиялық бақылау.Мемлекеттік экологиялық бақылау нысандары. Тексерулер жүргізу тәртібі.

Табиғат пайдаланушылардың экологиялық талаптары, құқықтары мен міндеттері.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік. Жаңа экологиялық кодекстің негізгі жаңалықтары.

ҚР Ұлттық статистика жүйесінің негіздері.

ҚР Қоршаған орта статистикасын қалыптастыру ерекшеліктері.

“Экологиялық рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы”композиттік қызметін іске асыру.

Экологиялық бағалау-қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізудің жаңа тәсілдері (ҚОӘБ)

Экологиялық рұқсаттар. Қауіптілігі 1-санаттағы объектілер үшін кешенді экологиялық рұқсат және әсер етуге экологиялық рұқсат

Оқыту онлайн-семинарына  «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, «Human Health Institute» ҚБ, «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» ҚБ және  «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ өкілдері қатысты.
Семинар соңында тыңдаушыларға онлайн-семинарға қатысқандығын растайтын куәлік беріледі.
Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту  онлайн-семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 24-26 қыркүйекте оқу онлайн-семинарларын өткізуді жоспарлап отырғандығын қосымша хабарлаймыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика