Дереккөз – www.gov.kz
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАВ) Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясының отырысы (ағылш.- International Co-ordinating Council of the MAB Programme) 2020 жылдың 27 және 28 қазанында виртуалды формата өтті. Кездесуді өткізудің таңдалған форматы COVID-19 пандемиясымен байланысты және кездесуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі елдерден таңдалды.
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясының жұмысына Қазақстан Республикасының атынан ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера” бағдарламасының Қазақстандық Ұлттық комитетінің (МАВ) мүшелері – Ященко Роман Васильевич және Ильина Виктория Олеговна, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің қызметкері – Байсабаева Әлия Ғазизқызы қатысты.
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитеті (МАВ) карантин режимімен байланысты барлық қиындықтарға қарамастан, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу үшін 2 номинациялық дерекнама дайындады. Комитет мүшелерімен Алматы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының ұлттық желісі екі жаңа биосфералық резерватпен толықтырылды.
Халықаралық деңгейде арнайы сараптамалық кеңес ЮНЕСКО бағдарламасының Қазақстандық Ұлттық Комитеті ұсынған «Адам және биосфера» (МАВ) құжаттамасының ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігіне баға беріп, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісінің биосфералық резерваттары ретінде Алматы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтарын мақұлдау мүмкіндігі туралы шешім қабылдады.
Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының Қазақстандағы ұлттық желісінде 12 биосфералық резерват тіркелген. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттардың осындай санының танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударатынын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды.
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАВ) Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясын өткізудің қорытындысы ретінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне әртүрлі елдердің аумағында орналасқан, олардың бірі трансшекаралық болып табылатын 24 биосфералық резерваттың қосылуын айтуға болады. Осылайша, 2020 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне әлемнің 129 елінің аумағында орналасқан 714 биосфералық резерват кіреді.
ЮНЕСКО бағдарламасының «Адам және биосфера»” (МАВ) Қазақстандық Ұлттық комитетінің қызметі туралы толығырақ комитеттің ресми сайтына кіріп білуге болады: www.kazmab.kz