Бүгін Астана – Мәскеу-Минск видеоөткелі барысында Ресей Федерациясы табиғи ресурс және экология министрі Сергей Донской үш ел ЕурАзЭҚ аясында бірнеше жобаны жүзеге асыратындығы жайлы мәлімдеді.
«Жобаларға келетін болсақ, біз бүгінде ЕурАзЭҚ аясында бірнеше бірлескен жобаларды жүзеге асырудамыз. Жақында сәуір айында біз Сочи қаласында ЕурАзЭҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша кезекті отырысын өткіздік. Онда бірқатар бірлескен жобалар қаралды, ол біз үшін ортақ механизмдерді қарастырып, ортақ негіз құруда”, – деді С. Донской.
Оның айтуынша, Сочиде талқыланған тақырыптардың бірі жекелеген оңтайлы қолдану жағдайларын арттырудағы жоюды пайдалану.
«Бұл техникалық кен орындарына қатысты. Өздеріңізге де белгілі, Кеңес үкіметі кезінде түрлі қалдықтардың үлкен қоры жинақталған. Соңғы бағалаулар бойынша шамамен 80 млрд тонна түрлі қалдықтар бар. Оның ішінде нақты пайдалы қазба түріндегі пайдалы компоненттер бар. Мұның барлығы қазір үйінділерде жатыр. Осы тұрғыда біз бір жағынан аталмыш техникалық қалдықтардың көзін жойып, екінші жағынан сол қалдықтарды тұрмыстық кәдемізге де жарата білуіміз керек», – дейді ол.
«Осылайша, біз бірлескен жұмыстар арқылы бірқатар мәселенің түйінін тарқатудамыз», – дейді С.Донской
Мадина Нұрбекова