Австралиялық ғалым еліміздегі қар барыстарының топтасуына климаттың ықпалын зерттемек | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Австралиялық ғалым еліміздегі қар барыстарының топтасуына климаттың ықпалын зерттемек

BNews.kz Австралиялық академик Алматы тауларындағы қар барыстарының популяциясына климаттың өзгеруі қаншалықты ықпал ететінін зерттеп көрмек, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстанның таулары CQUniversity (Австралия) университеті вице-канцлерінің көмекшісі профессор Оуэн Невиннің назарын аударған екен. Ол Алматы облысының тауларындағы қар барыстарын зерттеу үшін 3 аптаға Қазақстанға келді.

Жабайы табиғат әлемін сақтау жөніндегі биолог ірі жыртқыштарды зерттеумен айналысады. Ғалым жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған қар барыстарының топтасуына климаттың өзгеруі қаншалықты әсер ететінін зерттеуге бел буып отыр.

Австралиялық университет 1967 жылы ашылған. CQUniversity бұл елдегі ең белсенді жұмыс істейтін университеттердің бірі және көптеген жылдар бойы мемлекеттік, қоғамдық, салалық топтармен және шетелдік институттармен тиімді серіктестік қарым-қатынас орнатып келеді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика