Пресс-релиз
2016 жылдың 10 наурызында Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын екінші оқытылымда қабылдады.
Осы Заңды қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің парниктік газдар шығарындыларын реттеу бөлігіндегі ережелері мен нормаларындағы оқылықтарды жою және экологиялық заңнаманы 2000 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа, көпшіліктің шешім қабылдау процесіне қатысуына қол жеткізу және әділсотқа қолжетімділік туралы конвенцияға (Орхус конвенциясы) сәйкес келтіру болып табылады.
Осы заңның жобасы 2 бағытты қамтиды:
1) Қазақстан ратификациялаған Орхус конвенциясын одан әрі орындау;
2) парниктік газдардың шығарындыларын реттеуді жетілдіру.
Бірінші бағыт бойынша:
заң жобада Қазақстан Республикасының Экологиялық және Салық кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Экологиялық кодексте толық экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, толықтыру және көпшілікке беру мәселелерін көздеу ұсынылады. Ол үшін мемлекеттік органдар мен табиғат пайдаланушылардың тиісті экологиялық ақпаратты кейіннен оны міндетті түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арқылы ақысыз түрде беру үшін Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ұсынуы шаралары көзделген.
Сонымен қатар, жыл сайын Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы шығару көзделеді.
Экологиялық ақпараттың тағы бір маңызды көзі Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жасау болып табылады, оның негізгі мақсаты қоршаған орта және табиғат пайдалану мәселелері бойынша шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Ластаушылардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі – Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында ашық түрде орналастырылған қоршаған ортаны ластау көздері, көлемі, бақылау шаралары, мониторингі және ластануды төмендету бойынша құрылымдық деректер қорын білдіреді.
Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті болатын шаруашылық қызмет жобаларының тізбесі заңнамалық деңгейде айқындалатын болады.
Әділсотқа қол жеткізуді жеңілдету үшін қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін, оның ішінде тұлғалардың белгісіз тобының мүдделеріне сай сотқа жүгіну құқығына ие болады.
Салық кодексінде заңды және жеке тұлғаларды мүліктік емес сипаттағы экологиялық даулар бойынша мемлекеттік баж салығын төлеуден босату бойынша норма қарастырылған.
Осы өзгертулер ашық және и транспарантті қоғам құру бойынша мақсаттарды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Парниктік газдар шығарындыларын реттеуді жетілдіру жөніндегі екінші бағыт бойынша
Заң жобасымен бірқатар терминдерді нақтылау, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілеу, беру және өзгерту аспектілері бойынша коллизияларды жою бөлігінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда. Үкіметтік квоталар резервін басқару жүйесі арқылы биржада квоталарды саудалау бөлігінде нормативтік актілерді жетілдіру қажет, сондай-ақ квоталарды бөлудің тарихи әдісін қайта қарау арқылы кәсіпорындарға квоталарды әділ үлестіру рәсімін қамтамасыз ететін заңнамалық актілердің нормаларына түзетулер қабылдауды қажет етеді.
Осыған байланысты, еліміздің экономикасына белгілі бір зардаптар әкелетін әлемдік дағдарысты есепке ала отырып, Экологиялық кодекстің 9-1-тарауының 94-2-бабын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін (6-тармақтан басқа), 94-3, 94-4, 94-7, 94-9) тоқтата тұру қолдау тапты.
Сонымен қатар, ҚР Экологиялық кодексінің материалдық нормаларынан туындайтын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 329 және 330-баптарына өзгерiс пен толықтыру енгiзілген.
Аталған түзетулер парниктік газдар шығарындылары бойынша есептілік, мониторинг және верификация жүйесін жақсартуға, сондай-ақ тиімді тәсілмен парниктік газдар шығарындыларына квоталарды ішкі саудалау және квоталау жүйесінің жұмыс істеуінің түпкілікті мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.