«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуы Үкіметтің бақылауында | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуы Үкіметтің бақылауында

«Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаржы дұрыс игерілмей жатыр. Мәселен биыл бюджеттен бұл бағытта 840 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінге дейін бұл соманың тек 12 пайызы ғана кәдеге жаратылған. Осы орайда үкіметтің селекторлық отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов Ұлттық қордың игерілмеген қаржыларын даму қарқыны зор аймақтарға қайта бөлу керектігін айтып, бұл істі Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа жүзеге асыруды тапсырды. Еске салсақ, өткен айда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинеті мен облыс әкімдерін жинап кеңейтілген отырыс өткізген. Мемлекет басшысы онда бюджеттен бөлінген қаржының тиімді игерілмей жатқанын сөз етіп, «Нұрлы жол» бойынша жұмсалған әрбір теңге сұралатынын жеткізген еді.     Кәрім МӘСІМОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:   Биылғы жылға қаражат бөлінді. Тек оны игеру мәселесі кейбір аймақтарда бәсең болып тұр. Экономика министрі осы жағдайды зепрттеп, тиімді аймақтарға қаржыны бөлуді қайта қарауы керек. Бір апта ішінде маған ұсыныс беріліп, дамуы зор өңірлер нақтылануы қажет. Келесі отырыста қайда және қанша бөлінетіні туралы шешім қабылдаймыз.

Дерек көзі: www.kazakh-tv.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика