Энергетика министрі Қанат Бозумбаев және қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қала экологиясы мәселелері бойынша отырыс болып өтті. Атап айтқанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) кәдеге жарату мәселелері талқыға салынды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Энергетика министрі Қанат Бозумбаев және қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қала экологиясы мәселелері бойынша отырыс болып өтті. Атап айтқанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) кәдеге жарату мәселелері талқыға салынды

24.06.2016  жылы Алматы қаласының әкімдігіне энергетика министрі Қанат Бозумбаев және қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қала экологиясы мәселелері бойынша отырыс болып өтті. Атап айтқанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) кәдеге жарату мәселелері талқыға салынды.

Қазақстанның ең ірі мегаполисінде жыл сайын 700 мың тоннадан астам ҚТҚ түзіледі. Осыған байланысты қалада қоқыс өңдеу кәсіпорнын салу қажеттілігі мәселесі шиеленісіп тұр.

– 2019 жылдан бастап белгілі түрлерін алдын ала өңдеместен ҚТҚ көмуге тыйым салу нормасы енгізіледі. Осы мақсатта 2017 жылдан бастап қалдықтарды жеке жинау мен сәйкес инфрақұрылым құру арқылы кезеңдер бойынша енгізу басталады.  Экологиялық кодексте ҚТҚ қалыптасу көлемін азайтуға ынталандыру бабы қарастырылған,  оны жергілікті билік органдары жүзеге асыруы керек, себебі аталған саланың бастапқы кезеңдегі дамуы мемлекет қолдауысыз мүмкін болмайды, оның біздің тәжірибеміз растап отыр, – деп айтып кетті энергетика министрі Қанат Бозумбаев.

Ведомство басшысының сөзіне сәйкес, энергетика министрлігі Экологиялық кодекске нарық субъектілеріне ұлттық стандарттар белгілеу және қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі түрлерімен жұмыс жасау тәртібін белгілеу арқылы екінші шикізаттар айналымының өркениетті нарығын қалыптастыруды ынталандыру бойынша толықтырулар енгізген.

Аталған кешенді шаралар ел аймақтарында ҚТҚ жеке жинауды, өңдеу және кәдеге жарату бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігінде саланы дамыту бойынша ұйымдастыру шаралары басталған. Қарағандыда халықаралық ұйымдардың, бизнес-ассоциациялардың, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен конференция сәтті өткен. Осыған ұқсас семинарларды барлық аймақтарда өткізу жоспарланған.

Дерек көзі: www.energo.gov.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика