Қазақстан Республикасы Мәжілісінде а.ж. 24 маусымдаҚазақстан Республикасы Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г.А. Щегельскийдің төрағалығымен 1. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамының» 74 және 75 қадамдарының орындалу барысы туралы» және 2. «Қазақстанның мұнай-газ секторының даму проблемалары мен перспективалары» мәселесі бойынша Парламенттік тыңдаудың ұсыныстарын орындау туралы» тақырыптарына дөңгелек үстел өтті.
1. Дөңгелек үстел барысында Ә.М. Мағауов Ұлт жоспарының 74 және 75 қадамдарының және Қазақстанның мұнай-газ секторының даму проблемалары мен перспективалары» мәселесі бойынша Парламенттік тыңдаудың ұсыныстарының іске асырылуы туралы мәлімдеді.
Бұл ретте, «Көмірсутекті шикізат қоры бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу»74 қадамды іске асыру шеңберінде қазіргі әлемдегі қорларды есепке алу жүйелерінің талдауы негізінде мақсатты үлгі анықталды –көпшілікке танылған SPE әзірленген (Society of Petroleum Engineers, Инженер-мұнайшылар қоғамдастығы) PRMS жүйесі (Petroleum Resources Management System, Мұнай ресурстарын басқару жүйесі).
Талдаудың қорытындысы бойынша 2017 жылы қорларды есептеудің халықаралық жүйесін (қазақстандық жүйені үйлестіру) енгізу бойынша нақты заңнамалық ұсыныстар шығарылатын болады.
«Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, келісімдер жасасудың оңтайландырылған әдісін енгізу»75 қадамын іске асыру «Жер қойнауы және жер қойнауы пайдалану туралы» Кодекс жобасын әзірплеу бойынша Энергетика министрлігінің Жұмыс тобы шеңберінде жүргізілуде.
2. «Қазақстанның мұнай-газ секторының даму проблемалары мен перспективалары» мәселесі бойынша Парламенттік тыңдаудың ұсыныстарын іске асыру шеңберінде Вице-министр Ә.М. Мағауов мұнай-газ секторыныңсалық және әкімшілік жүктемені төмендету,геология және ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы дамуы, мұнай өнімдерінің ішкі нарығын реттеу, газ саласын дамыту, мұнай өндіруші секторының ғылыми-технологиялық дамуы, технологиялар трансферті, жергілікті қамту және ДСҰ және ғылымикадрларды дайындау бойынша Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Білім және ғылым министрліктермен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлескен өткізілген іс-шаралар туралы түсіндірді.
Парламент Мәжілісі депутаттарымен Энергетика министрлігінің Парламенттік тыңдаудың ұсыныстарын іске асыру жөнінде жұмысына оң баға берілді.
Дерек көзі: www.energo.gov.kz