2030 жылға қарай елімізде электр энергиясын өндіру 130-175 млрд кВт жетеді – Қ. Бозымбаев | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2030 жылға қарай елімізде электр энергиясын өндіру 130-175 млрд кВт жетеді – Қ. Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясын өндіру 130-175 млрд кВт жетеді деп болжанады. Бүгін Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің төртінші отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай мәлім етті. Кеңес барысында Қазақстанның Париж климаттық келісімін іске асыру тетіктері талқыланған болатын.

Министрдің келтірген мәліметіне қарағанда, 2015 жылы елімізде электростансалардан 91 млрд кВт электр энергиясы өндірілген. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш елімізде 130-175 млрд кВт-қа жетеді деп болжанады. «Біздің пікірімізше, электр энергиясын өндіруді арттыру парниктік газдар  шығарындыларының артуына соқтырмауы тиіс. Бұл ретте бірқатар шараларды уақытылы қабылдау қажет. Біріншіден, жаңа технологияларды енгізуді жаңғырту. Екіншіден, энергостансалардағы жаңартылатын энергия көздері мен газды генераторлар үлесін арттыру қажет. Үшіншіден, энергияқамтымдылық пен электр энергиясын «жоғалтуды» төмендету», – деді Қ. Бозымбаев.

Дерек көзі: www.inform.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика