Италия мен Оңтүстік Корея «Expo-2017» көрмесіне қатысады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Италия мен Оңтүстік Корея «Expo-2017» көрмесіне қатысады

Дереккөз: www.24.kz

e8e884980bb25bdf2427b01dbf7f613b_L

Италия мен Оңтүстік Корея «Экспо-2017» көрмесіне қатысады.

Бүгін елордада қос мемлекет комиссарлары «жасыл» энергетика саласындағы тың жетістіктерін дүниежүзілік шарада таныстыру туралы құжатқа қол қойды. Бас-қосу барысында тараптар жаңартылған энергия көздері жайлы пікір алмасты. Ал Италия комиссары Стефано Раваньян «Экспо» көрмесін өткізген мемлекет ретінде оң тәжірибесін ортаға салды. Айта кеткен жөн, бұл ел қажетті энергияның 38 пайызын табиғи тәсілмен өндіреді. Ал Оңтүстік Кореяда бұл көрсеткіш сәл аз болғанымен қоқыстан да қуат алынып отыр. Оның үстіне бұған дейін екі бірдей Экспо көрмесін өткізді. Сөйтіп келер жылғы шараға 94 мемлекет ресми түрде қатысатынын растап, 56-сы келісім-шартқа қол қойды. Бұл тізім жыл аяғына дейін 100-ге жетуі тиіс.

Стефано Раваньян, Италияның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі:

– Былтыр Италияда ЭКСПО көрмесі «Азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында өтті. Келер жылы Астанадағы ЭКСПО-да энергия мәселелері көтеріледі. Бұл екі тақырып бүгінде өзекті. Негізі осындай ұлық шараны ұйымдастыру көп еңбекті талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. 

Чо Енг Чон, Оңтүстік Кореяның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі:

– Соңғы 40 жылда Оңтүстік Корея индустриаландыруды дамыту мәселесіне баса назар аударып отыр. Енді біздің үкімет басқа да салаларға ден қоюы керек деп санаймын. Бұл жаңа технологиялар, ғылым, баламалы энергия көздері, оның ішінде күн және жел энергиясы. Сол себепті біздің компаниялар Астанадағы ЭКСПО арқылы шетелдік әріптестеріне өзінің тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетуге үмітті.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика