Алматыда өзен суының түсі өзгеруіне қатысты құзырлы орган зерттеу жұмысын қолға алды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыда өзен суының түсі өзгеруіне қатысты құзырлы орган зерттеу жұмысын қолға алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері Түркісіб ауданында қызғылт түске боялған өзеннің суын сараптамадан өткізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша Экология департаменті зертханалық бөлімінің бастығы Айтқұл Халелов хабарлады.

«Біз су сынамасын тексеруге алдық. Нәтижесі бір аптадан соң белгілі болады. Біз өткен сенбі күні өзенге келгенде судың түсі қайтадан қалыпты жағдайда болды. Судың қызғылт түске боялуы сараптама нәтижесі шыққан соң белгілі болады. Қазір, нақты ештеңе айта алмаймыз», – деді маман.

Еске сала кетелік, бұл шағын өзен суының қызғылт түске боялғаны 19 тамыз күні белгілі болды. Бұл туралы «Балычок» балық аулау клубының белсендісі Евгений Сляднев хабаралған еді.

«Кәдімгідей қызыл су ағып жатыр. Мұны бүгін кешке 18:30-да Майлин мен Гете көшелерінің аралығында байқадық. Бұл Түркісіб ауданы», – деп жазған болатын Евгений Сляднев.

Дерек көзі: www.inform.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика