Қазақстанда таза технологиясы бар зауыттар ғана салынады – ҚР Энергетика министрлігі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстанда таза технологиясы бар зауыттар ғана салынады – ҚР Энергетика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан экологиясына зиян келтіретін зауыттар салынбайды.  Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның Жасыл климаттық қорымен өзара әрекеттесуін күшейту семинары барысындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков мәлім етті.

«Бүгінде Қазақстанда жаңадан орналастырылуы мүмкін зауыттардың тізбесі бар. Бұл зауыттар қазақстандық тараппен іріктелінеді. Атап айтқанда, бізде экологиялық заңнама бар және осы тұрғыда осы зауыттарға экологиялық бағытта тиісті талаптар қойылады. Қалай болғанда да Қазақстанда таза технологиясы бар зауыттар ғана құрылады. Себебі, бізде елімізде салынуы мүмкін зауыттарға қатысты нақты стандарттар бекітілген. Кез келген жағдайда әрбір жоба экологиялық сараптамамен қарастыралады, қоғамдық тыңдаулар жүргізіледі. Осы ретте Қазақстан аумағында салынатын әрбір өндіріс нысаны, яғни қытайлық, еуропалық немесе басқа елдердің зауыттары барлық параметрлерді келісу бойынша тиісті рәсімнен өтеді. Бұл тұрғыда еліміз үшін ешқандай қатер туындап отырған жоқ»,-деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, жақын арада электр энегриясын өндіретін қуат көздерін жаңғырту есебінен  энергия өндіру көлемі артпақ.

«Себебі, экономика дамып келеді, сондай-ақ Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сондықтан бұл бағытта тиісті жетістіктер болатынына сенімдімін»,-деп түйіндеді сөзін Ғани Сәдібеков.

Дерек көзі: www.inform.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика