EXPO-2017 көрмесіне қатысатын жобалар іріктеледі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

EXPO-2017 көрмесіне қатысатын жобалар іріктеледі

Дереккөз: www.24.kz

Қазақстан ең үздік стартап-жобаларға байқау жариялады.

Жеңімпаз EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Бүгінге дейін 50 елден түскен өтінімдер арасынан 100 стартап белгілі болды. Олар баламалы қуат және «жасыл экономика» салаларында үздік деп танылды. Араларында қазақстандық өнертапқыштар да жоқ емес. Енді үміткерлердің ішінен үздік 30 жоба 27 қазан күні Астанада өтетін жиында таңдалады. Кейін стартап авторлары халықаралық көрмеге шақырылады. Байқауды ұйымдастырушылар, таңдаулы жобалар Қазақстанның павильонына қойылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Асқар Мұнара, «Мұнай және газ, ақпараттық талдау орталығы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы:

– Сол 30 жобаға Қазақстанның шетелдегі инвесторлары инвестиция құяды. Сол компаниялардың 30%-ын ба, 50%-ын ба сатып алады. Бұл дүниежүзінде бір компанияны бір компанияның сатып алу практикалары бар.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика