Дереккөз: www.24.kz
Астана халқы санының артуы кәріз сулары көлемінің ұлғайып, Талдыкөлдің толуына әкеп соқты. Осы орайда тұрғындарды мазалаған ең басты сұрақ қала маңындағы жағымсыз иістің пайда болуы. Айта кетейік, кәріз сулары тасталатын бұл су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Оның көлемі 65,6 млн текше метр. Мұндай көлем көл дамбыларының жұмысына кедергі келтіріп, жерасты сулары деңгейінің артуына әкеп соғуы мүмкін дейді мамандар. Салдарынан 7500 гектар жерді су басып, жағымсыз иіс қала тіршілігіне залалын тигізеді. Соны ескерген Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы мен түрік құрылыс компаниясы кәріз сулары жиналатын «Талдыкөл» сарқынды су қоймасын қалпына келтіруді қолға алды. Толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.