Еліміздің ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізіледі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Еліміздің ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізіледі

Дереккөз: energo.gov.kz

Бүгін энергетика министрі Қанат Бозымбаев атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдерімен кездесіп, тиісті мәміле жасасты. Мәртебелі миссияны атқаруға халықаралық сарапшылар шақырылды. Олар атом саласының қазіргі аяқ алысын бағамдап, жүйелі жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл ретте, мамандар өңірлерді аралап, өндіріс орындарына бармайды. Тек тиісті өлшемдер бойынша жауапты министрлік пен жергілікті компаниялар ұсынған бағалау есебін талдайды.

Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

– Миссия 7 қарашаға дейін жалғасады. Біз жергілікті инфрақұрылымға шынайы баға беріп, жүзеге асырылып жатқан ядролық бағдарламаларды сараптап алғымыз келеді. Әсіресе, медициналық бағытта және өндірісте бейбіт мақсатта қолданылатын технологияларды жан-жақты зерделеуге міндеттіміз.

Дохи Хан, АЭХА атом энергетикасы департаменті бөлімінің директоры:

 – Бағалау ұлттық ұстаным, ядролық қауіпсіздік, қаржыландыру сынды 19 өлшем бойынша жүргізіледі. Біз өңірлерде орналасқан нысандарға бармаймыз. Дегенмен, Қазақстанның бағалау есебіне басты назар аударамыз. Біздің бұл сапарымызды толығымен МАГАТЭ қаржыландырады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика