Бозымбаев: Алдағы 7 жылда Қазақстанда АЭС салынбайды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Бозымбаев: Алдағы 7 жылда Қазақстанда АЭС салынбайды

Дереккөз:lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы жеті жылда Қазақстанда атом электр стансасының құрылысы қарастырылып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыстан кейін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер, бүгінде Қазақстанда электр энергиясының профициті қалыптасып отыр. Осы ретте жазда 5 мың мегават, ал қысқы жүктемеде шамамен 3,5 мың мегаватқа жетеді»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, ұзақ мерзімді баланс ғылыми институтпен, КЕГОК-пен әзірленіп, ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген және ол жеті жылдық болжамға негізделген.

«Жеті жылдық кезеңде біз тапшылық байқалмайды деген тұжырымдамыз. Сондықтан да аталған кезеңде атом стансасы секілді қандай да бір жаңа қуаттарды көріп отырғамыз жоқ»,-деп атап өтті Қ. Бозымбаев.

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылдан бері Қазақстан атом электр стансасын салу тақырыбы қызу талқыланып келеді. Алайда, бұл станса қай уақытта салынатындығы туралы нақты шешім жасалған жоқ.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика