Энергия үнемдеуде Германияның озық тәжірибесі қолданылады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Энергия үнемдеуде Германияның озық тәжірибесі қолданылады

Дереккөз: www.24.kz

Энергия үнемдеуде Германияның озық тәжірибесі қолданылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді. Инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашевтің айтуынша, энерго-тиімділікті арттыру мақсатында әрбір компания өзі қаржы бөледі. Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде Жалпы ішкі өнімде энергия сыйымдылық 30 пайызға азайды. Инвестициялар және даму министрлігі 2020 жылға қарай көрсеткішті тағы 30, ал 2050 жылы 50 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр. Компаниялар энергия тиімділікті арттыру мақсатында 100-ге жуық ұсыныс білдірген. Жыл соңына дейін 10 жоба жүзеге асырылады. Осылайша мамандар жаңа технологиялар арқылы қазына қаржысын үнемдемек. Тимур Нұрашев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комитет төрағасының орынбасары: – Бұл жүйе шетелде кеңінен қолданылады. Сондықтан біз Германияның тәжірибесіне сүйендік. Қазір энергетика саласында сервистік қызмет көрсету келісімдері бойынша, Еуропа елдері көш бастап тұр. Нарық көлемі шамамен 3 млрд еуроны құрайды. Озық тәжірибе Оңтүстік Кореяда да қолданылады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика