Дереккөз: expo2017atana.com
Астана қ., 17 қараша 2016 ж.
Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов «APCO Worldwide» компаниясының атқарушы вице-президенті Дон Бонкермен кездесті.
Басқосу барысында екі жақ Америка Құрама Штаттарының халықаралық мамандандырылған көрмесінде қатысу мәселесі талқыланды.
Кездесуде А.Есімов америкалық делегация өкілдеріне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Франция, Германия, Қытай, Түркия және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар беріліп те қойды. Сондай-ақ, қатысушы мемлекет қызметкерлеріне пәтерлер де дайын. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр. АҚШ павильоны тапсыруға дайын», – деді А.Есімов.
«АРСО» компаниясы америкалық павильонның ашылуы бойынша жұмыстарды атқару үшін таңдалды. Біздер барлық ұйымдастырушылық мәселелермен, айталық павильон дизайны, контенті, оны ілгерілету жұмыстарымен айналысатын болады», – деді Дон Бонкер.
Бүгінгі таңда Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын 106 мемлекет растады, 101 мемлекет өз комиссарларын таңдады, 90 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.
Айта кету керек, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 10 маусым мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін болады.