Дереккөз: energo.gov.kz
2016 жылғы 21-22 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Балаға мейірімді Қазақстан!» атты халықаралық конференциясы өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің, Қазақстандағы БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен өткізілді.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарыБ.Қ Хаменова мен М.Б.Теміржановтың, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Бала және қоршаған орта» тақырыбында қоршаған ортаны қорғау саласындағы балалар құқықтарын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелері туралы диалог алаңы ұйымдастырылды.
Халықаралық конференцияның мақсаты – сындарлы диалогты тұрақты қамтамасыз ету үшін платформаны одан әрі дамыту және жетілдіру.
Халықаралық конференция балалар құқықтарын қорғау саласында республикада барлық тиісті мемлекеттік органдардың және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін жетекші үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың жүйелі жұмыстардың нәтижесі болады. Конференцияның барысында («Бала және қоршаған орта» қоса алғанда) балалар құқықтарын қорғау саласындағы барлық негізгі аспектілерін қозғайтын 13 тақырыптық бағыт бойынша алаңдарға тұрақты жұмыс берілді.
Алаңдардың негізгі мақсаты 2015 жылғы 4-ші елдік баяндаманың нәтижесі бойынша бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің 70-сессиясындағы ұсынымдарын іске асыру жөніндегі тәжірибелік шаралар бағыттарын дамыту болып табылады.