«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға чеш мемлекет басшылығы келеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға чеш мемлекет басшылығы келеді

Дереккөзі: «EXPO-2017 Астана»

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Басқарма басшысы Ахметжан Есімов Чехия Өндіріс және сауда министрі Ян Младекпен, Чех Республикасының қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Элиш Жигавомен және Чехия ұлттық павильонының Комиссары Ян Крсомен ЭКСПО-2017 көрмесі ұйымдастырушылар кеңсесінде кездесуі өтті. Кездесуде Чех Республикасының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойылды.

Басқасы барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрмені ұйымдастыру жұмысы туралы, сондай-ақ, халықаралық қатысушыларға павильондардың берілу дайындығына тоқталып өтті.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық қарқынды жүргізілуде, біз ендігі мазмұнмен толтыру кезеңіне көштік. Соңғы аптаның өзінде көрмеге қатысатындығын 6 мемлекет пен 1 халықаралық ұйым растады. Жалпы алғанда, қатысушы мемлекеттер саны 112, халықаралық ұйымдар 18-ге жетті. Біз қатысушы мемлекеттерге павильондарды өткізу және пәтерлерді беру жұмыстарына кірісіп кеттік», – деді ұлттық компания басшысы.

Басқарма басшысы ірі транссұлттық компаниялардың көрмеге қызығушылығының ерекше екендігін айтты. SAMSUNG, Shell, Chevron және тағы да басқа компаниялардың көрме серіктесі болғандығына тоқталды. Серіктестік тарапынан 126 млн.еуро көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.

Чех Республикасының Өндіріс және сауда министрі Ян Младек «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуі екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты арттырып, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретіндігіне, сондай-ақ энергия жетіспеушілігі мен жаһандық экология мәселесінің шешілуіне  ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

«Көрме тақырыбы бізге өте жақын. БЭП (ВИЭ) дамыту бойынша үлкен тәжірибеміз болғандықтан, осындай ауқымды іс-шараға қатысуға қызығушылық білдіріп отырмыз. Сондықтан «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға мемлекетіміздің басшысы, Премьер-министр мен Үкімет мүшелері келетін болады», – деді Ян Младек.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Нидерланд Корольдігінің ұлттық секциясының комиссары және Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Дирк Ян Коппен кездесті. Кездесуде екі жақ алдағы көрмеге дайындық барасын талқылап, голландықтар павильонына қатысты техникалық мәселелер айтылды.

bam_9298

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика